Экономика

Екібастұзда ферроқорытпа өндіретін зауытта 520 жұмыс орны ашылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Elorda.info Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Отырысқа қатысушылар Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады. Қуаты жылына 80 мың тонна ферросилиций болатын жоба 520-дан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және осы өнімнің Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркияға және Еуропа елдеріне экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша инвестиция көлемі 113 млрд теңгеден асады, пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл.

Сонымен қатар мұнай кен орындарын одан әрі игерудің өзекті мәселелері қозғалды. Өндіріс тиімділігін арттыру, жұмыс орындарын құру және қызмет көрсету компанияларын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз ету сияқты бағыттар қаралды.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссия мүшелері Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру тәсілдерін талқылады. Атап айтқанда, жобаларды қосу және алып тастау бойынша жаңартылған критерийлер, сондай-ақ бірқатар активті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Мәселен, Qazaq Air әуекомпаниясын бәсекелестік ортаға беру 2024 жылға жоспарланып отыр.

-->