Digital теңге: Цифрлық ақша жобасының артықшылығы мен болашағы

Цифрлық теңгені енгізудің қажеттілігі қаншалықты? Оның артықшылығына қандай да бір сараптамалық-талдау жұмыстары жүргізілді ме?
Ұлттық Банк Цифрлық теңгені әзірлеу бойынша басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесін зерделеп, біршама сараптамалар жүргізді. Оған қаржы нарығы, сарапшылар мен халықаралық әріптестер тартылды. Нәтижесінде бұл технологияның өміршеңдігі мен артықшылықтарын байқадық. Жалпы біз бұл бағыттағы жұмыстарды 2021 жылы бастағанбыз. Технологиялық жағынан жүзеге асырылуын көру үшін цифрлық теңге платформасының прототипі жасалды. Экономикаға, қаржылық тұрақтылық пен ақша-кредит саясатына тигізетін ықпалы сараланды. Себебі ұлттық цифрлық валютаны енгізу іскерлік ортаға тікелей әсер етеді.
Қазір көптеген елдерде цифрлық валютаны енгізу мәселесі қаралып жатыр, кейбір елдерде пилоттық жоба ретінде жұмыс істей бастады. Мәселен Нигерияда е-найра цифрлық валютасын енгізу бойынша зерттеу жұмыстары 2017 жылы басталды, ал 2021 жылы ресми түрде есеп айырысу құралы ретінде енгізілді. Швецияда да е-крон бойынша жұмыстар 2017 жылы басталған. Қытай бұл мәселеге 2014 жылы кірісті.
2020 жылы SandDollar әлемдегі алғашқы цифрлық валюта болып танылған. Яғни пилоттық жоба ауқымынан шығып, ресми төлем құралы болған бірінші валюта - SandDollar. Оны Багам аралдарының барлық азаматы қолданады.
ҚР Ұлттық банкі халықаралық тәжірибеге сүйеніп, Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік экономикалық форумның құралдары мен басқа да зерттеулерді басшылыққа ала отырып, Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Орталық банк цифрлық теңгені енгізуді 3 кезеңге бөлді. Соған сәйкес, бізде ЦТ 2025 жылға дейін біртіндеп енгізіледі.
Цифрлық теңгенің қарапайым азаматтар үшін пайдасы қандай?
Ұлттық банк төлем нарығының барлық қатысушылары жедел, ыңғайлы және қауіпсіз төлемдерге қол жеткізу үшін ұлттық төлем жүйесін жасап, дамытумен айналысуда. ЦТ инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушыларға өзінің инновациялық сервистерін жасай алатын қосымша құрал болмақ. Сонымен қатар аймақтарда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемін арттырады және қаржылық қызметтердің қолжетімділігі жақсарады. Болашақта трансшекаралық төлемдердің тиімділігін арттыруға да көмектеседі.
Цифрлық теңгенің артықшылықтары көп. Негізгілерін атап өтетін болсақ, смарт-келісімшарттар мен инновациялық қызметтерді пайдалану, интернет жоқ жерлерде де төлемдерді жүзеге асыру, ақшаның үшінші нысаны мәртебесін және қаржы делдалдары тәуекелдерінің болмауы. ЦТ жеке тұлғалар мен екінші деңгейлі банк, сауда ұйымдары, тұтас мемлекеттер, түрлі төлем жүйелері, қаржылық компания мен басқа да нарыққа қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Жоғарыда цифрлық теңге платформасы пилоттық режимде іске қосылғанын айттыңыз. Оның алғашқы нәтижелері қалай болды?
Иә, цифрлық теңге платформасы іске қосылды және қатысушылар пайдаланып жүр. Қазірдің өзінде бірнеше мың транзакция жүргізілді, тестілеу барысында платформаның және цифрлық шоттардың барлық функциялары тексерілді. Сондай-ақ ЕДБ ақпараттық жүйелерімен және халықаралық төлем жүйелерімен интеграция жасалды.
ЕДБ мен іске асырылған сценарийден басқа, Цифрлық ваучерлер сценарийі бар. Бұл сценарий Алматы қаласындағы мектеп пен оларға қызмет көрсететін асхана, сондай-ақ Оңай Алматы транспорттық холдингі және төлем қызметін көрсету үшін Қазпоштамен бірлесіп жасалды. Жобаның мақсаты, біріншіден, мектеп пен асхана арасындағы төлемдерді автоматтандыру болды, яғни оқушы Оңай картасын терминалға сала отырып мектептегі асханадан тамақтануға өтініш білдіреді және дәл сол уақытта мектеп тарапынан ас үшін асханаға төлем автоматты түрде өтеді. Бұл сценарий цифрлық теңгенің қолданыстағы процесстерді оңтайландыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Сонымен қатар, Visa және Mastercard пен қазақстандық 4 екінші деңгейлі банкпен бірлесе отырып, ЦТ цифрлық шотқа байланған әлемдегі алғашқы банк картасы іске қосылды. Ол арқылы азаматтар әлемнің кез келген жерінде цифрлық теңгемен түрлі операциялар жасай алады немесе қолма қол ақшаны шешіп алады.
Қазір кез келген жеке тұлға цифрлық теңгені қолдану үшін шот аша алады ма?
Әзірге цифрлық шот ашу тек фокус-топ мүшелеріне қолжетімді. Болашақта цифрлық теңгені еліміздің барлық азаматтары қолданатын болады. Картаны байланыстыра отырып цифрлық шот ашу ағымдағы шот немесе стандартты банк картасын ашудың бұрыннан бар тетіктерінен айырмашылығы жоқ. Қажетті қызмет форматына байланысты мұны интернет желісіне қосылған смартфон арқылы немесе банк бөлімшесінде жасай алады.
Қазір құзырлы органдар пара алу үстінде немесе басқа да заңсыз ақша алып жатқан азаматты қылмыс үстінде ұстай алады. Егер цифрлық теңге енгізілсе мұндай мүмкіндік болмайды. Әлде цифрлық теңге керісінше осы сияқты заңсыздықтары жоюға көмектесе ме?
ЦТ транспаренттігі, қадағалау мүмкіндігі және қауіпсіздік нормаларының сақталуы алаяқтық әрекеттердің алдын алуға және мониторинг жасауға пайдаланылуы мүмкін. Бұл заңның сақталуына қатысты шараларға қосымша ғана, бірақ оны толығымен алмастыра алмайды. Мұндай артықшылықтар болғанымен цифрлық теңге ең алдымен төлем құралы екенін есте ұстауымыз керек. Себебі ол Қазақстандағы бизнес пен азаматтардың қаржылық транзакцияларын жақсарту мен жеңілдету мақсатында жасалып отыр. Цифрлық теңге сыбайлас жемқорлыққа немесе өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы қандай да бір панацея ретінде қабылданбауы тиіс.
Цифрлық теңгені бағдарламалау арқылы белгілі бір жағдайларда пайдалануды шектей отырып, таңбаланған ақша бірліктерін жасауға болады. Соған қарамастан таңбаланбаған цифрлық теңгелерді соттың санкциясы болмаған жағдайда қадағалауға болмайды. Өйткені бұл азаматтардың жеке құқықтарын бұзу болып табылады.
Қадағалаушы органдар цифрлық теңгенің «иесі» кім екенін көре ала ма? Ол ақшамен қандай қызмет немесе тауарлар алынғанын бақылау қаншалықты мүмкін?
Мұндай функционал таңбаланған цифрлық теңгенің көмегімен іске асырылуы мүмкін. Алайда, таңбаланған ақшаны кеңінен қолдану бірқатар себептерге байланысты мүмкін емес, бірінші кезекте бұл азаматтардың жеке құқықтарының бұзылуына (атап айтқанда, банк құпиясына құқықтар) әкеп соқтырады.
Жалпы алатын болсақ, кез келген азамат цифрлық теңгеге қазіргі таңда қолданыстағы қадамдар арқылы, яғни ЕДБ арқылы қол жеткізе алады. Сіздің ЕДБ шотындағы ақпаратыңыз – тек сол ЕДБ-тің деректер базасында ғана сақталатын ақпарат. Цифрлық теңгенің концептісі сондай, қадағалаушы органдар тек ЕДБ арқылы цифрлық теңгені азаматтарға жеткізеді. Ал клиентке қатысты ақпарат екінші деңгейлі банкте құпия болып қалады.
Цифрлық теңге нақты қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
Цифрлық теңге қаржы қызметтеріне қолжетімділік беріп технологияның дамуына жол ашады және кәсіпкерлік пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Криптографиялық технологияларды қолдану арқылы ЦТ транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрі шеткері аймақтарда тұратын азаматтар қаржылық қызметтерді пайдалана алады. Цифрлық теңгемен есеп айырысу қарапайым және жылдам болғандықтан, қаржылық операциялар жеделдетіледі. Алайда цифрлық теңгені енгізу қолданыстағы ақшаны алмастырмайды, жоймайды, азаматтар мен бизнес үшін тек қосымша опциялар мен икемділік туғызады. Цифрлық теңгені енгізуде ұлттық мүдде мен қаржы құрылымына қатысушылардың қажеттілігі міндетті түрде ескеріледі.
Тұрғындар арасында цифрлық ақша цифрлық құлдыққа апарады, қажет болған жағдайда жүйеден «өшіре» алады деген қорқыныш бар. Осыған қатысты маман ретінде не айтасыз?
Бұл негізсіз мәлімдеме. Цифрлық теңге архитектурасының нысаналы моделі ЕДБ инфрақұрылымында клиенттер мен олардың шоттары туралы деректер дербес сақталады. Демек Ұлттық банктің қалауы бойынша жүйеден ажырату қағидаты қарастырылмаған.
Цифрлық теңгені қолма қол ақшаға қалай айналдыра аламыз?
Пайдаланушы мұндай рәсімді банкоматта карта арқылы немесе банк бөлімшесінде жүзеге асыра алады.
-Сұқбатыңызға рахмет!
-->