Депозит мөлшерлемесінің шегі белгіленбейтін болды
1 наурыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры шекті мөлшерлеме мәнін белгілемейді. Оның орнына депозит нарығындағы нарықтық мөлшерлеме туралы мәліметтерді жариялайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл шара бастапқыда халықты банктердің депозиттерді жоғары мөлшерлеме есебінен тартудан қорғауға бағытталған еді. 2024 жылы шекті мөлшерлемелерді белгілеу жойылды, ол тек капиталдануы төмен санаулы банк үшін сақталды.
Енді олар өздерінің депозиттік саясатын басқа банктер секілді нарықтық жағдайға сай белгілейді. Алайда оны айтарлықтай өсірсе көтеріңкі жарна төлеуі тиіс.
«Біз жүргізілген реформа банктерге көбірек еркіндік береді деп күтеміз. Теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелер нарықтық факторларды ескере отырып белгіленеді. Ал енді банктер үшін мөлшерлемелерді белгілеу барысында ұстанатын басты бағдар – нарықтық мөлшерлеме. Бұл банктер арасында адал бәсекелестіктің дамуына жағдай жасайды», - дейді ҚДКБҚ басшысы Әділ Өтембаев.