Экономика

«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі және «жасыл» энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тарту бойынша жетекші қытай қаржы институттарымен бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Elorda.info Экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осы келісімдерге қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ел экономикасының негізгі секторларын тұрақты дамыту мен жаңғыртуды қолдауға бағытталған.

Холдинг атынан қол қойылған құжаттар:

China Construction Bank-пен ынтымақтастық туралы меморандум болды, ол 700 млн АҚШ доллары сомасындағы жобаларды қаржыландыруды көздейді.

China Нuadian Overseas Investment Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл өзара қызығушылық тудыратын салалардағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндігін анықтайды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ атынан құжаттарға қол қойылды:

Астанадағы Қытай құрылыс банкімен $500 млн сомасына ниет туралы келісім.

Қытайдың мемлекеттік даму банкімен $250 млн және 2 млрд юань сомасына негіздемелік келісім.

Ақмола облысында қуаты 220 МВт жел паркін салуға синдикатталған қарыз беру ниеті туралы келісім.

Қуаты жылына 1 млн тонна бидай өңдеу жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

Құжаттарға қол қою ағымдағы жылы Қазақстан төрағалық етуші ел болып табылатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті қарсаңында өткізіліп отырған Астанадағы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің аясында өтті.

-->