Биыл елімізде 88 млн тоннадан астам мұнай өндіріледі деп күтіліп отыр
Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 73,5 млн. тоннаны құрады. Биылғы жылға мұнай өндіру болжамы 88,4 млн. тоннаны құрайды.
«Жоспармен салыстырғанда өндірістің төмендеуі ірі кен орындарында күрделі жөндеу жүргізумен байланысты: Теңізде (Болашақ кеңейту жобасының мамыр және тамыз айларында жоспарланып отырған іске қосылуына байланысты жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді) және Қашағанда (28 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді).
Сонымен қатар, өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытында газ қабылдауға шектеулер әсер етті.Өндіру деңгейінің төмендеуіне ОПЕК + келісімі шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуы да әсер етеді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ, ол Қазақстан ОПЕК + келісіміне қатысатынын айтты. Қазақстан үшін, басқа елдер сияқты, 2024 жылға арналған белгілі бір міндеттемелер белгіленген (қазіргі уақытта тәулігіне 1,468 млн. баррель). Келісімнің талаптарын орындау әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты сақтау үшін қажет.