Биыл бірінші жартыжылдықта бюджет кірісі жоспардан асып түсті
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 11 трлн теңгені немесе жоспарға 106,4% құрады.Республикалық бюджет 31 млрд теңгеден аса артығымен орындалып, 100,5% атқарылды. Бұл импортқа салынатын қосылған құн салығы, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж және корпоративтік табыс салығы түсімдерінің есебінен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттер де сенімді өсім көрсетті: кірістер 117% немесе 656,6 млрд теңгеге атқарылды. Жоспардың артығымен орындалуы жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы және әлеуметтік салық есебінен қалыптасты. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны мемлекеттік бюджет бойынша 118,8%, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 122% және жергілікті бюджет бойынша 114,3% құрады.
Сонымен қатар, салықтық, кедендік әкімшілендірудің арқасында 492 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері қосылған құн салығын қайтару көлемі, өткен жылдың деңгейінен 12% артық орындалып, 768 млрд теңгені құрады.
«Бұл жай ғана цифрлардың өсуі емес – бұл экономикаға өтімділіктің нақты ағыны, экспорттаушыларды, өндірушілерді және аграрийлерді қолдау болып саналады. Мұндай серпінге, қосымша құн салығын қайтарудың жеңілдетілуімен және экспорттаушылардың өтінімдерін басымдық бере отырып қараумен қол жеткізілді. 2025 жылы өтемақылар/дың жалпы көлемі, шамамен 2 трлн теңге деңгейінде болжануда», - деді Мәди Тәкиев.
Бюджеттің негізгі шығыстары әлеуметтік блокқа бағытталған.
Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығыстардың орындалу қорытындыларын ұсынды.
Министр атап өткендей, мемлекеттік бюджет шығыстары 92%-ға, республикалық бюджет шығыстары 91,5%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 96,3%-ға орындалды.
Республикалық бюджеттің негізгі шығыстары келесі салаларға бағытталды:
әлеуметтік блокқа – 4,3 трлн теңге;
өңірлерді қолдауға – 3,6 трлн теңге;
нақты секторға – 800 млрд теңге бөлінді.
Барлық негізгі әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалды, соның ішінде:
зейнетақы мен жәрдемақы – 3,2 трлн. теңге;
өңірлерге субвенциялар – 2,9 трлн. теңге;
міндетті медициналық сақтандыру қорына бағытталған нысаналы жарна сомасы – 794 млрд. теңгені құрады.
Жергілікті бюджеттер әлеуметтік сала мен негізгі қызметтердің басымдық бере отырып қаржыландырылды. Жалпы сома 8 трлн. теңгені құрады.
Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400 ден астам нысан салынып жатыр.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады.
Оның деректері бойынша мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.
Бүгінгі таңда осы қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде:
Сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы;
162 денсаулық сақтау жобасы;
Білім беру саласындағы 10 жоба;
Спорт саласындағы 4 жоба.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы белгіленген лимит шегінде қалады.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік борыштың өзекті жай-күйі және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Оның деректері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге 21,1%-ды құрап, жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайды.
Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру болып табылады.
Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеуі жалғасуда:
2020 жылғы 29,2%-дан
2024 жылы 23,5%-ға дейін.
Осылайша, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген жалпы ішкі өнімге 32% көлеміндегі мемлекеттік борыш лимиті сақталып отыр.
Бұдан басқа, осы жылдың 24 маусымында Қаржы министрлігі $2,5 млрд сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.