Экономика

Бүгін елімізде Нан күні атап өтіледі

16 қазанда елімізде Нан күні атап өтіледі. Бұл күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, астық өнімдерінің мәртебесін нығайтуға бағытталған, деп хабарлады Elorda.info.

Нан күні - шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылар –жалпы осы құнды өнімді өндіруге қатысушылардың барлығының кәсіби мерекесі.

-->

Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда, барлық сын-тегеуріндерге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етіп, сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетін де сақтады.

Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді, - деп жазылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз хабарламасында.