Қазақстанда АЭС салу: Электр энергиясы арзандай ма
Тарифтің нақты мөлшері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталған соң ғана белгілі болады, деп хабарлады Elordainfo.kz Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Болашақ атом электр станциясынан өндірілетін электр энергиясының тарифі жобаның жалпы құнына, станцияны пайдалану кезіндегі операциялық шығындарға, тартылатын қарыз қаражатының құнына және қаржыландырудың басқа да шарттарына байланысты. Бүгінгі таңда ведомствоаралық деңгейде бұл бағыттағы есептеулер жалғасып жатыр. Оның тарифі қазір жұмыс көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО және электр станцияларына қарағанда жоғары болатыны түсінікті. Себебі бұл станциялар ондаған жыл бұрын салынған әрі олардың капитал шығындары толық өтелген», – делінген хабарламада.
Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, АЭС-тің жобалық қызмет ету мерзімі 60 жылдан асады.
«Тарифтің нақты мөлшері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталған соң ғана белгілі болады», – делінген жауапта.