Қазақстанда уран экспорты рекордтық деңгейге жетті
2024 жылдың 7 айында шетелге $2 млрд болатын өңделген табиғи уран экспортталды, бұл 2023 жылдың дәл осы айларымен салыстырғанда 54%-ға артық. Бірінші кредиттік бюро осындай деерктерді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Барлық өсім бағаның көтерілуімен байланысты болды, себебі физикалық түрде экспорт өзгерген жоқ деуге болады (10,3 млн кг уран, жылдан жылға +1%).
«Ақша бойынша негізгі үлес – Ресейде (46%). Жылдық деңгейде жеткізілімнің жалпы құны 23%-ға артты, десе де, физикалық түрде экспорт шамамен сондай көлемде төмендеді. 1 кг уранның орташа бағасы, тиісінше, көтерілді (+63%). Егер доллармен емес, уранның килограмымен есептесек, биылғы басты сатып алушы Қытай болып шықты, үлесі - 44%. ҚХР бір жылда физикалық түрде де (+21%), ақша түрінде де (+72%) көбірек сатып алды», - делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, өткен жылғы басқа маңызды серіктестердің барлығы көлемдерін арттырды.