Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді
2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеген, деп хабарлады Elorda.info.
Осы ретте, бірінші жартыжылдықта экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.
Айта кетейік, алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.
-->
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.
Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады, - делінген хабарламада.