Қазақстанда 1 айда 4 мыңнан астам алтын құйма сатылды
2023 жылдың қараша айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 177,0 келі 4 171 алтын құйма сатылды. Бұл туралы Elorda.info Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлады.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 856 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 33 646 дана, 100 грамдық құйма – 32 442 дана, 20 грамдық құйма - 26 333 дана, және 50 граммдық құйма – 17 639 дана.
2023 жылдың қараша айында алтын құймалардың көбі Шымкент, Алматы және Астанада сатылған.
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Алтын құймалар Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген айырбастау пунктерде сатылады.
-->Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 856 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 33 646 дана, 100 грамдық құйма – 32 442 дана, 20 грамдық құйма - 26 333 дана, және 50 граммдық құйма – 17 639 дана.
2023 жылдың қараша айында алтын құймалардың көбі Шымкент, Алматы және Астанада сатылған.
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаптың өзі сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз, - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Алтын құймалар Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген айырбастау пунктерде сатылады.