Экономика

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға «жасыл» энергия экспорты бойынша жоба жасайды

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан «жасыл» энергетика экспорты бойынша техникалық тапсырма мен бірлескен кәсіпорын дайындау туралы келісті, деп хабарлады Elorda.info.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Баку қаласында өткен Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан энергетика және экономика министрлерінің Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттау перспективаларын талқылау жөніндегі кездесуінде тиісті келісімге қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары бірлескен коммюникеге қол қойды, онда елдердің жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетін және баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылуға дайындығын атап өтті.

Әзірленген және бекітілген техникалық тапсырма негізінде алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға тендер жарияланатын болады. Сондай-ақ, қатысушылар жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру перспективасын зерделеуге келісті.

Торғын АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

-->

Қатысушылар жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, энергия алмасу саласындағы, жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорттау мүмкіндіктері және ілеспе инфрақұрылымдық саласындағы ынтымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге келді, - делінген хабарламада. 