Экономика

Қазақстан IMD-2025 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 34-орынға ие болды

Швейцариядағы Халықаралық басқару дамыту институтының деректері бойынша, Қазақстан 69 елдің ішінде 34-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылады, деп хвбарлады Elordainfo.kz.

Бұл көрсеткішпен еліміз Жапонияны (35-орын), Кувейтті (36-орын) және Португалияны (37-орын) басып озды.

 Рейтингтің көшбасшы ондығына мыналар енді:
Швейцария, Сингапур, Гонконг, Дания, БАӘ, Тайвань, Ирландия, Швеция, Катар және Нидерланд.

 IMD рейтингі төрт негізгі бағыт бойынша бағаланады:
* Экономикалық қызмет
* Үкімет тиімділігі
* Бизнестің тиімділігі
* Инфрақұрылым

Қазақстан бұл бағыттардың ішінде екеуі бойынша оң өзгерістер көрсетті — «Бизнестің тиімділігі» (28-ден 20-орынға) және «Инфрақұрылым» (49-дан 44-орынға). 

Мұндай нәтижеге еңбек өнімділігінің артуы, компаниялардың икемділігі, технологиялық базаның кеңеюі және орнықты іскерлік орта есебінен қол жеткізілді.