Қайтадан 25%: Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшерлемесін төмендету туралы шешімнің күші жойылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға төмендету туралы шешімнің уақытша күшін жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ресми хабарламада агенттіктің ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2025 жылдың 1 қарашасына дейін 25% деңгейінде ұстап тұратыны көрсетілген. Бұл шешім банктерге ипотека шарттарын және банк жүйелерін қайта қарау, сондай-ақ ішкі құжаттар мен жарнамаларды жаңарту үшін уақыт беру мақсатында қабылданған.