Ауыл шаруашылығы саласында 300-ден астам жоба іске қосылады
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында инвестиция тарту шаралары және инвестициялық жаңа жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері қаралды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов биыл республиканың АӨК саласында 5,3 мыңға жуық жұмыс орнын құру арқылы 444 млрд теңгеден астам сомаға 322 жобаны іске асыру жоспарланғанын баяндады. Бүгінгі таңда құны 130 млрд теңге 115 жоба пайдалануға берілді, 1,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ министрлік қалыптастырған 2023-2026 жылдарға арналған пул шамамен 36 мың жұмыс орнын құра отырып, 2,7 трлн теңгені құрайтын 877 инвестициялық жобаны іске асыруды көздейтіні атап өтілді. Бұл ретте жобаларды пайдалануға берудің нақты мерзімдері белгіленген өңірлік жол карталары бекітілді.
Сонымен қатар отырыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Kazakh Invest базасында (АХҚО-мен бірлесіп) Task Force шеңберінде әзірленіп жатқан стратегиялық инвестициялық жобалардың жалпы пулы құны $13 млрд-тан асатын 70 жобадан тұратынын атап өтті. 14 жоба инвестициялар туралы келісімдерді әзірлеу сатысында тұр.
Жиын қорытындысына сәйкес Роман Скляр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар беріп, жоспарланған барлық инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.
-->