Экономика

Атырау облысында қант зауыты салынады

Өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.

Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.

«Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын», - делінген хабарламада.

Жобаның құны – 58 млрд теңге. Осыған орай 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.