Аталық малды елімізден әкетуге арналған квота лимиті ұлғайтылды
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ресми сайтында бұқашықтарды әкетуге арналған квота лимитінің ұлғайтылғаны туралы жазылды, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылғы 17 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен (15.11.2023 жылғы №389) бұқашықтарды әкетуге арналған бір бордақылау алаңына квота лимиті ұлғайтылды, - деп жазылған ведомство мәліметінде.
Құжатқа сәйкес, 12 айдан асқан бұқашықтарды әкету лимиті 500 – ден 4000 басқа дейін, ал бір тауар өндірушіге-200-ден 500 басқа дейін ұлғайтылды.