Экономика

Астанада "Преодоление" бизнес-форумы өз жұмысын бастады

Бүгін елордада "Преодоление" бірінші ауқымды бизнес-форумы өз жұмысын бастады, онда бизнес үшін дағдарысқа қарсы жоспарлар әзірлеу жоспарлануда, деп хабарлайды Elorda.info.

Форумның спикерлері бизнес иелері, маркетологтар, HR сарапшылары, танымал бизнес-жаттықтырушылар, нарық талдаушылары және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері болды.

"Центркредит" банкінің Астанадағы филиалының директоры Дина Сейітқазинова тұрғын үйге сұраныстың төмендеуі жағдайында құрылыс және жылжымайтын мүлік нарығы саласында шешімнің жаңа алгоритмдерін құрудың маңыздылығы туралы айтып берді.

киииз.jpg

Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары Баниямин Файзулин қазіргі уақытта құрылыс саласында жедел шешімдер қабылдауды талап ететін экономикалық дағдарыс жүріп жатқанын айтты.

залллл.jpg

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000-нан астам кәсіпкер қатысқан форум экономиканың құлдырауы, әлемде болып жатқан қаржы ағындарының өзгеруі жағдайында жаңа уақыттағы білім, ынтымақтастық және бизнес тәжірибесімен алмасу үшін бірегей алаңға айналады.

-->

"Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың назарын құрылыс саласындағы мәселелер мен сын-қатерлерге аудару болып табылады. Біздің банк нарықта 35 жыл болды және біздің құзыреттеріміздің бірі әрқашан ипотекалық несиелеу болды, ол арқылы біз құрылыс салушы серіктестерімізді қолдадық. Бүгінгі жәрмеңкеде біз ипотекалық бағдарламаларды ұсынамыз, ал серіктестеріміз өз нысандары туралы айтып береді. Шақырылған спикерлер кәсіпкерлерге, құрылыс салушыларға, жылжымайтын мүлік агенттеріне және барлық экономикалық белсенді қазақстандықтарға өз әлеуетін көруге, ынтымақтасуға және туындайтын барлық мәселелерді шешу жолын табуға көмектеседі. Бүгін біздің банк ипотекалық несиелеудің бірегей бағдарламасын ұсынады. Біз Астанада алғаш рет пәтер сатып алғысы келетін қарапайым адам құрылыс салушыдан өзіне ұнайтын пәтерді таңдап, бірден ипотека рәсімдей алатын орталық аштық. Ол үшін біз классикалықтан серіктестікке дейінгі әртүрлі бағдарламаларды ұсынамыз, мұнда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14,5% құрайды. Іс-шараға 11 құрылыс компаниясы қатысады. Бұл - тұрғын үй мәселесін шешудің жолдарын іздейтін мақсатты аудитория. Қазір бірігетін кез келді", - деді елордалық филиал басшысы.

Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары Баниямин Файзулин қазіргі уақытта құрылыс саласында жедел шешімдер қабылдауды талап ететін экономикалық дағдарыс жүріп жатқанын айтты.

"Соңғы уақытта біз тұрғын үй құрылысы көлемінің қысқарғанын байқап отырмыз. Бұл, ең алдымен, жеңілдетілген несие алу құралдарының азаюына байланысты. Осыған байланысты бізде қайтымсыз процестер басталуы мүмкін деген үлкен алаңдаушылық бар. Бұл - өндіріс пен құрылыстың қысқаруы, нәтижесінде өте көп жұмыс орындары босатылады деген сөз. Бұл - өтелмеген несиелер және орындалмаған міндеттемелер. Соңғы статистика банкроттықтың артуын және бизнестің жабылуын көрсетіп отыр. Ақырында, негізгі нәрсе – тұрғын үймен қамтамасыз ету орындалмай қалады. Осының бәрін көріп, біз жай ғана алаңдамаймыз, бұл мәселелерді шешудің жолын қарастырып отырмыз. Осы форум дұрыс бағыттар мен қадамдарды анықтауға көмектеседі деп сенемін", - деп түйіндеді өз сөзін Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары.