Экономика

Қайрат Боранбаев қонақүй кешенін мемлекет меншігіне қайтарды

Бұған дейін Қайрат Боранбаевқа тиесілі болып келген Астана қаласындағы ірі  қонақүй кешені мемлекет меншігіне өтетін болды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.

-->

 

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда.

Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақүй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда, - деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.