Азаматтардың өз көзқарастарын білдіріп жатқаны қуантады – Алдияр Тоқтаров
Қазақстанның атом саласын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум маңызын атап өтіп, азаматтардың белсенді қатысуын жоғары бағалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мен таңғы сағат 10-да №205 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Таңертеңнен бастап халық дауыс беруге белсене қатысып жатқаны байқалады. Ұзын-сонар кезектерді көріп, осынша адамның референдумға келіп, позициясын білдіріп жатқанын көріп қуанып жатырмыз. Олардың АЭС құрылысын «қолдайтыны» немесе «қолдамайтыны» маңызды емес, бастысы – қатысып, өз көзқарастарын білдіріп жатқаны», - деді Алдияр Тоқтаров.
Шынар Хамитова