Доллар бағамы 6 теңгеге тағы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды.
Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы – 455,00 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге.
-->Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.