Экономика

Аяқ киімнің цифрлық таңбалануы бағаның өсуіне әсер етпейді – министрлік

1 сәуірде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімді сатуға рұқсат етілген кезең аяқталады. Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау бір жыл бұрын толық іске қосылуы керек еді, бірақ кәсіпкерлер жаңа ережелерге бейімделу үшін көбірек уақыт сұрады. Осылайша, пилоттық кезеңнен екі жарым жылдан кейін аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енеді, деп хабарлады Elorda.info.

Аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау – бұл елге кіретін әрбір өнім туралы ақпаратты тіркейтін және оны өндірушіден/импорттаушыдан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі өнімнің бүкіл жолын көрсететін бірегей дата-матрикс коды арқылы қадағалайтын жүйе. Таңбалау және қадағалау жүйесінің міндеті – Қазақстандағы тауар айналымын ашық ету. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда аяқ киімнің көлеңкелі айналымының үлесі 48 пайызды құрайды, яғни әрбір екінші жұп аяқ киім елге заңсыз әкелінеді. 2021 жылы Қытайдың кеден қызметі Қазақстан Республикасына экспортты қазақстандық деректерден 2 еседен астамға тіркеді, бұл шамамен 780 миллион долларды құрайды. Бұл сандар аяқ киім тауарлары айналымындағы көлеңкелі экономиканың көлемін нақты көрсетіп, тауарға қадағалану мүмкіндігін енгізуге негізді себеп болды.

Әрбір аяқ киім өнімін таңбалау үшін кәсіпкерлерге ҚҚС-сыз 2,68 теңге тұратын жеке Data Matrix коды беріледі. Өнімді таңбалау ережелері қосымша принтерлерді сатып алу міндетін реттемейді. Осыған байланысты айналымға қатысушы тауарды таңбалауды қосымша жабдықты сатып алмай-ақ, тіпті кәдімгі принтерде де жүргізе алады. Таңбалау кодын тек аяқ киімді өндірушілер мен импорттаушылар қолданады, ал бөлшек саудагерлер дата-матрикс кодпен белгіленген дайын аяқ киімдерді алады.

Сандық таңбалау үрдістері арнайы білімді және бухгалтердің немесе бағдарламашының қатысуын талап етпейді. Шағын кәсіпорындар қызметтік оқу материалдары мен тегін мобильді қосымшаларды пайдаланып, таңбалауды өздері жасай алады.

Аяқ киім бұйымдарын таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында айыппұлдар қарастырылмаған.

-->

2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген міндетті талапқа айналды. Жаңа ережелерді енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 13 млн жұпқа (30%) өсті (37,2 млн жұптан 53,1 млн жұпқа дейін). 2018-2020 жылдар кезеңіне таңбалау енгізілгенге дейін аяқ киім импорты 35-тен 39 миллион жұпқа дейін көрсеткішке ие болды, – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.