Еліміз Әзербайжанға 7 мың тоннаға жуық мұнай жөнелтті
Бүгін Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін 6 900 тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-->Бүгін Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін 6 900 тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандағы INPEX North Caspian Sea, Ltd филиалының директоры Хироши Икеданың айтуынша, сынақ ретінде жіберілген жеткізілім Транскаспий бағытына қарай теміржол тасымалы арқылы Қашаған мұнайына арналған экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін көрсетті. Хироши Икеда «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымына және процеске қатысқан басқа да ұйымдарға қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес уақтылы орындалған жұмысы үшін алғысын білдірді. INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілі сондай-ақ компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық маршруттарды дамыту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты, - делінген хабарламада.