Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жылда 15%-ға өскен
Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 15%-ға өсіп кетті. Бұл туралы Сенатта депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар 2050 жылға қарай Үкімет қарызының ЖІӨ-ге 45%-ға дейін өсуі болжанып отыр.
Сенатор осыған байланысты Қазақстанның сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу және салынған қаржының экономикалық тиімділігі жөнінде Жоғары аудиторлық палатаға сұрақтар қойды.
-->Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 15%-ға өсіп кетті. Бұл туралы Сенатта депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар 2050 жылға қарай Үкімет қарызының ЖІӨ-ге 45%-ға дейін өсуі болжанып отыр.
Бізде ішкі қаржыландыру көздері бар – зейнетақы қорында шамамен 15 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктерде 14 трлн теңге, сондай-ақ Ұлттық қордың қаржысы бар. Негізінен ішкі көздерден қарыз алғанына қарамастан, қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың 1,5 есе өскені байқалады, олар 2023 жылы жалпы шығыстар көлемінің 20,5%-ын құрап отыр, - деп атап өтті Ш.Бұқтұғұтов.
Сенатор осыған байланысты Қазақстанның сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу және салынған қаржының экономикалық тиімділігі жөнінде Жоғары аудиторлық палатаға сұрақтар қойды.