Экономика

Елімізде азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін

Елде азық-түлік бағалары арзандауы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Себебі, соңғы кезде доллар бағамының төмендеуі байқалады. Былтыр тауар құны өскенде Үкімет оны шетелдік валюта курсының шарықтауымен байланыстырған болатын. «Қазір доллардың теңгеге шаққандағы құны 442 төңірегінде. Сондықтан 2-3 айдың ішінде тауар бағаларының арзандауы күтіледі», – дейді Ерұлан Жамаубаев.

-->

Доллар бағамы өскен сайын, импорттық тауарлардың құны да шарықтай түседі. Енді бұл өнімдердің бағасы біртіндеп арзандауы тиіс. Жалпы экономикадағы инфляцияда төмендейтін болады. Бюджетті нақтылау кезінде 7,5-9,5 пайыз дәлізінде көрсеттік. Енді осы аралықта шектеуді сақтаймыз, - деді премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.