Жеке адамдардың банкроттығы: Наурызда өтініштер қабылданады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығы рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйе құрылғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі кезде 1 млн 180 мың адамның қарызы бар. Олардың қарыз сомасы 1 трлн 100 млрд теңгеге жетті. Қарызы бар адамдардың барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін.
Сондықтан азаматтардың көбісі «банкрот» санатының кері тұстарын ескеретін болады. Себебі банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды
-->

Жаңа ақпараттық жүйе құрылып, оны мемлекеттік органдардың жүйелеріне қостық. Осы орайда банкроттық рәсімдерін атқаруға қатысты жүйе тиісті сынақтан өтті. Бұл тұрғыда қарызы барлар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Алдағы уақытта борышкерлер көп тіркелген өңірлерге қызметкерлерімізді бағыттаймыз, - деді Е. Біржанов.