Сүт бағасы бір жылда 33%-ға қымбаттады
Сүт бағасы жылдық динамикада 32,9%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша елімізде сүт бағасы бір айда орта есеппен 1,4%-ға қымбаттаған. 2022 жылдың тиісті айымен салыстырғанда бағаның айлық өсу қарқыны 2 есе ұлғайған (0,7%). Бұл 2022 жылдың наурыз айынан бастап есептегенде секторда ай сайынғы ең аз өсім.
Бір жыл ішінде майлылығы 3,2%-4% болатын пастерленген сүт бағасы 31,2%-ға өскен. Кілегей – 30%-ға, ал майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт бағасы 28,8%-ға қымбаттады.
2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша республикада майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт бағасының жылдық өсімі 14,1%-дан (Ақтөбе облысында) 42,1%-ға (Ұлытау облысында) дейін өзгерген. Бұдан бөлек бағаның айтарлықтай өсуі Қостанай (38,2%) және Алматы (36,2%) облыстарында да тіркелді.
Бір жылда майлылығы 3,2%-4% болатын пастерленген сүттің ең жоғары қымбаттауы Алматы (+43,5%), Солтүстік Қазақстан (+43,3%) және Жетісу (+36,2%) облыстарында байқалды. Ал, Ақтөбе облысында баға бір жылда ең аз қымбаттаған (+5,9%).
Кілегей бағасы Атырау облысында бірден 57,8%-ға өсіп, Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент және Маңғыстау облысында баға 1,5 есеге жуық өскен. Елімізде Ақмола облысында ғана кілегей бағасы арзандады (1,9%-ға ғана).
-->Сүт бағасы жылдық динамикада 32,9%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.