Елімізде электромобильдер саны 65%-ға артты
Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдер саны бір жылда 65,4%-ға өсіп, 812 көлікті құрады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, мұндай өсім 2017 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр. Десек те, елдегі электромобильдердің үлесі бүкіл автопарктің тек 0,02%-ын құрайды.
Электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдердің ең көп саны Алматыда тіркелді: 420 көлік. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстан облысы (108 көлік) және Астана қаласы (61 автомобиль) бар.
Heycar мәліметтеріне сәйкес, былтыр әлем бойынша электромобильдер сатылымы 40%-ға өсті. Әрбір оныншы жаңа көлік электромобиль болған. 2022 жылы ең көп сатылған электромобиль – жаңа Tesla Model Y.
Жалпы алғанда, өткен жылы секторда әлем бойынша 1,6 миллион жаңа көлік тіркелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз.
-->Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдер саны бір жылда 65,4%-ға өсіп, 812 көлікті құрады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.