Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді
2022 жылы рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурс түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
-->2022 жылы рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурс түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Осы күнге дейін рейтингтік-балдық жүйе арқылы жалпы сомасы 225 млрд теңгеге 899 шарт жасалды. Бұл тәсіл конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуынсыз сатып алу жеңімпазын автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар сатып алуды онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен енгізілді. Ол арқылы былтыр жалпы 43 млрд теңгеге 185 мың сатып алу өткізілді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұл тәсіл сатып алу процедураларын 2 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Биылдан бастап сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклдің құнын пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді, мұнда өнім берушіні таңдау сатып алу бағасы негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады, - деді вице-министр.