Экономика

Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда жалдау ақысының төмендеу үрдісі байқалып отыр. Мәселен, қаңтар айында өткен аймен салыстырғанда пәтер жалдау ақысының орташа құны 2,5%-ға төмендеген, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ретте бір айда, яғни 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін жаңа тұрғын үйді сатуға баға 0,7%-ға, пәтерлерді қайта сатуға – 0,3%-ға өсті.

Мәселен, жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 481 891 теңгені құрады, қайталама нарықта тұрғын үйді қайта сату кезінде – 515 019 теңге, абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы бір шаршы метрге 4 671 теңгені құрады.

Сонымен қатар бір жыл ішінде (2022 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қаңтары) қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 18,7%-ға, жаңа тұрғын үй сатылымы 14%-ға өсті. 2023 жылдың қаңтарында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға өсті.

Бұл ретте бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтау қаласында бір жыл ішінде айтарлықтай өсті – 28,2%, Ақтөбеде – 25,4%, Петропавлда – 20,9%.

Қайталама нарықта Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай (31%) қалалары баға өсімінің көшбасшылары атанды, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%) көш бастап тұр.

-->