Экономика

Астанада азық-түлік тапшылығы қалай шешілмек

Бүгін Үкімет отырысының күн тәртібіне шығарылған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдері тақырыбы бойынша Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Шаһар басшысы бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен келешекте жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды. 

Сонымен қатар, қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар аграрлық индустриалдық аймақ құру жоспарланып отыр. Ол үшін тамақ өнеркәсібіндегі 50 жобаға 116 га жер учаскесі белгіленді. Инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды. Индустриалдық аймақта мемлекет пен қала импортын талдау нәтижесінде айқындалған басымдыққа ие тауарлардың өндірісін дамыту жоспарланып отыр.

-->

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тиесілі 19 позиция бойынша қала жыл сайын 600 мың тонна тұтынады. Оның ішінде біз 3 өнім түрін ғана өндіреміз. Қалған 16 түрі басқа өңірлерде өндіріліп, импорттық тауарлармен қоса жеткізіледі. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін бізде тамақ өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 72 мың тоннаны құрайтын 8 жоба іске асырылуда және қуаты 14 мың тоннаны құрайтын 2 жылыжай кешені салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайтын 2 көтерме-тарату орталығы, 2 көкөніс қоймасы және 2 қойма кешені салынуда. Базарларды монополиясыздандыру аясында 10 млрд теңге мөлшерінде жеке инвестициялар есебінен 2 заманауи базар құрылысы жүріп жатыр. Осы жылы нан зауытын, сондай-ақ, 6 мың тонна сақтауға арналған көкөніс қоймасы іске қосылады, - Ж.Қасымбек.