Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз – Премьер-министр
Бүгін Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мәселелері сөз болды. Үкімет басшысы аталған бағыттағы жергілікті әкімдердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биылғы міндет – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 9,5 пайыздан асырмау. Премьердің айтуынша, бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірлердің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін жергілікті атқару органдарының белсенді жұмысы қажет.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңірлерге пияз бойынша келісімшарт жасау тапсырылғанын және әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет бізге баяндағанын айта келіп: «Ендеше пияз бағасы неге қымбаттап бара жатыр?» деген заңды сауал қойды. Елімізде пияз көп өседі. Алайда Үкімет бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр.
-->Бүгін Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мәселелері сөз болды. Үкімет басшысы аталған бағыттағы жергілікті әкімдердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биылғы міндет – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 9,5 пайыздан асырмау. Премьердің айтуынша, бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірлердің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін жергілікті атқару органдарының белсенді жұмысы қажет.
Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар. Біз өткен жылғы егіннен қажетті қор жинап алдық. Сондықтан белгіленген баға бойынша көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп келе жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз. Жергілікті жерлерде аталған мәселелерге салғырт қараудың кесірінен бағаның өсуі тоқтайтын емес, - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы өңірлерге пияз бойынша келісімшарт жасау тапсырылғанын және әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет бізге баяндағанын айта келіп: «Ендеше пияз бағасы неге қымбаттап бара жатыр?» деген заңды сауал қойды. Елімізде пияз көп өседі. Алайда Үкімет бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр.
Тағы да қайталап айтамын, азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды, - деді Ә.Смайлов.