Қазақстандықтар кедейленіп барады
Елімізде кедейлердің саны артып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үйлердің саны бір жылда 4,5%-ға өсіп, 180,9 мыңға жетті. Мұнда 1 млн адам тұрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға көп. Бір жыл бұрын осы кезеңде елде төмен табысы бар 173,2 мың үй (бір жылда 7,5% азайған) болған.
Былтыр үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздегі 3,6 мың үйдің (бір жылда 62,7%-ға азайған) табысы азық-түлік себеті құнынан төмен болды. Ол үйлерде 24,8 мың адам тұрды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есе аз.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үйлердің ең көбі Түркістан облысында орналасқан: 25,4 мың үй, бір жылда 1%-ға азайды. Сондай-ақ кедейлік шегінен төмен тұратын халық саны да осы өңірде: 191,1 мың адам.
Түркістан облысынан кейін ең нашар көрсеткіштер Алматы қаласы (15,9 мың үй, бір жылда 3,1% азайды), Шымкент қаласы (14,6 мың үй, 26% көбейді), Маңғыстау (12,9 мың үй, 21,3% көбейді) және Ақмола (12,6 мың үй, 28,7% артты) облыстарында.
2022 жылғы үшінші тоқсанда жан басына шаққандағы орташа күнкөрістің ең төменгі деңгейі 46,7 мың теңге болды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,9%-ға артық. Бұл ретте тұтынуға жұмсалған табыс – 80,2 мың теңге, көрсеткіш бір жылда 14,3%-ға өсті.
-->Елімізде кедейлердің саны артып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.