Қазақстан Өзбекстанға «Сергек» жүйесін экспорттады
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді. Бұл елдегі халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала, Наманган облысының әкімшілік орталығы, деп хабарлады Elorda.info.
Жоба жеке инвестициялар есебінен, экспорттың мемлекеттік бағдарламасын субсидиялаумен, атап айтқанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ кредит беруі арқылы іске асырылды.
Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған. Зияткерлік жүйе Өзбекстан заңнамасы бойынша сертификаттаудан өтті. 25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді. Қазақстан қалаларындағыдай Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.
Бизнес-жоба Сауда және интеграция министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.
Қазіргі уақытта «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның 8 қаласында жұмыс істейді: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан. Сонымен қатар, Sergek Group өнімдерді экспортқа ілгерілету үшін экспорттық стратегияны әзірлеуде.
«Сергек» жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-ның тиісті төмендеуіне әсер етеді. Жүйенің алғашқы жұмыс істей бастаған жылында Астанада жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 43%-ға – 60-тан 34 апатқа ұшыраушыға дейін қысқарды және кейінгі жылдары да сол деңгейде сақталып келеді.
-->«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді. Бұл елдегі халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала, Наманган облысының әкімшілік орталығы, деп хабарлады Elorda.info.