Экономика

Былтыр Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өскен

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол шетелдік туристердің жалпы саны 610 мың адамға жеткенін атап өтті. Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келді. Динамика 2022 жылы 1,3 млрд АҚШ долларына дейін өскен қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді. 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 млн АҚШ долларын құрады.

-->

Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Министрлік Қазақстан бойынша «Қазақстан Гранд-турының» негізіне кіретін бес басым бағытты әзірледі. Бұл – қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеп келетін туристерді қабылдауға дайын деп айтуға келмейді. Сондықтан біз әкімдіктермен бірге инфрақұрылымды жақсартып, таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірге мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады, - деп атап өтті А.Оралов.