Экономика

Елімізде нан мен сүт өндірісі төмендеп кеткен

Өткен жылы Қазақстанда ет өндірісі өсті, ал сүт пен нан өндірісі, керісінше, төмендеді, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда 350 мың тонна ет өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 573 мың тонна сүт (-6,8%), 3,3 млн тонна ұн (+10,2%), 519 мың тонна нан (-0,9%) өндірілген.

-->