Экономика

Былтыр брокерлік шоттар саны 4 есеге өсті

2022 жылы Қазақстанның қор нарығының бүкіл тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі тіркелді. Бұл азаматтарға шоттарды оңай ашуға мүмкіндік беретін процедуралардың жеңілдеуімен байланысты. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы – қазақстандықтар, деп хабарлады Elorda.info

Статистика бойынша олардың көпшілігі 35 пен 54 жас аралығында, алайда жас буын да артта қалып отырған жоқ: өткен жылы 18-24 жас аралығындағы инвесторлар тобы бірден 
төрт есеге өсті. Бір жыл ішінде Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі қосалқы шоттар саны 4,3 есеге өсті. 2023 жылғы 1 қаңтарда жалпы жүйеде 963 мың шот ашылды, оның 550 мыңы (57,1%) қосалқы шоттарға, 413 мыңы (42,9%) – омнибус шоттарына тиесілі.

2022 жылы омнибус шоттар танымал бола бастады. Егер 2022 жылғы қаңтар айында 10 мың омнибус шоттары тіркелген болса, бір жыл өткен соң, 2023 жылы олардың саны 41,3 есе өсті.

Орташа статистикалық қазақстандық инвестордың жасы – 35 пен 54 аралығында. Бұл бағалы қағаздарды ұстаушылар арасындағы ең көп жас тобы. Бір жыл ішінде топ 2,2 есеге (87 мыңнан 195 мыңға жуық адамға дейін) өсті және бөлшек инвесторлардың жалпы санының 35,6%-ін құрайды. Бір жылда 25 – 34 аралығындағы жас санаты 2,8 есеге (59 мыңнан 166 мың адамға дейін) артты. 

Ашылған қосалқы шоттар саны бойынша рекордты инвесторлардың 18-ден 24-ке дейінгі жас санаты жаңартты. Олардың саны бір жылда 4,3 есеге (23 мыңнан шамамен 101 мыңға дейін) ұлғайды.

Рейтингте бесінші орынды 55 жастан басталған топ иеленді, олардың саны бір жылда 1,7 есеге (47 мыңнан 83 мыңға дейін) өсті. Саны ең аз – 18 жасқа дейінгі топ. Бір жыл ішінде олардың саны 1,3 есеге (273-тен 382 адамға дейін) ұлғайды.

-->

Брокерлік шоттардың белсенді өсуі жыл бойы байқалды. KCSD клиенттерінің 99 %-ы қазақстандық инвесторлар екенін атап өткен маңызды, бұл жергілікті қор нарығын дамытудың жақсы үрдісін көрсетеді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бейрезидент – клиенттердің үлесі 1 %-дан аз», - деді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.