Экономика

Астанада бюджет қаражатын пайдалану бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді

Бүгін Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тексеру комиссиясы еңбекақы төлеу қорына бағытталған жергілікті бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану бойынша мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Бүгін соның қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит 12 білім беру нысанында жүргізілді. Олардың ішінде 5 орта білім беру ұйымы, 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымы және 2 арнайы ұйым бар.

Тексеру қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталған. Кейбір жекелеген нысандарда бухгалтерлік есеп жүргізілмеген.

Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы тиісті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 3 ұйым бойынша 5 материал жолдады. Ал екі ұйымның қызметкері айыппұл төлей отырып, 3 факт бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-->

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 476 152,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 5 253,5 мың теңге қалпына келтірілуге тиіс, 470 899,2 мың теңге өтелуге тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 214 017,5 мың теңге өтелді). Бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау сомасы 264 343,9 мың теңгені, тиімсіз пайдалану сомасы 750 161,2 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 63 504,9 мың теңгені құрады, сондай-ақ 114 рәсімдік бұзушылық пен 42 жүйелік проблема мен кемшіліктер анықталды, - деді Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Сәбит Мұқанов.