Экономика

Қазақстаннан Пәкістанға тікелей әуе қатынасы іске қосылады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимінің саясатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Исламабад қаласында (Пәкістан) Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-отырыс өтті.

Жиналыс шеңберінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хакан Мұртаза мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде қазақстандық "SCAT" авиакомпаниясы 2023 жылғы наурыздан бастап Воеіпg 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

-->