Экономика

Елімізде демалыс пен спорт саласындағы қызмет көлемі өсті

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласында көрсетілген қызмет көлемі 416,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, республика бойынша қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласында тіркелді (238,7 млрд теңге). Үштіктер қатарында Астана қаласы (49,7 млрд теңге) мен Маңғыстау облысы (11,2 млрд теңге) бар. Көрсетілген қызметтің ең аз көлемі Абай облысына тиесілі (2,7 млрд теңге).

Осы жылдың алғашқы үш тоқсанында фитнес-клубтар саласында көрсетілген қызмет көлемі 29,7 млрд теңгені құраған.

-->