Елімізде бір жылда фармацевтика өнімдері 13 пайызға қымбаттады
Биыл қаңтар–қазан айларында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің өндірісі небәрі 130,2 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 26,2% аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: 46,4 млрд теңге, бір жылда 10,6% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ дәстүрлі түрде Алматы облысы (35,1 млрд теңге, бір жылда 17,4% көбейген) және Алматы (17,6 млрд теңге, 9,3% азайған) кірді.
Биылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,1 млрд АҚШ доллары сомасына 20,9 мың тонна дәрілік заттар импортталды. Өсім физикалық мәнде 17,6%, ақшалай түрде 24,4% болды.
ТМД елдерінен құны 114,8 млн АҚШ доллары болатын 7 мың тонна дәрілік заттар әкелінді. Мұнда импорттың негізгі бөлігі Ресейге түсті: 5,2 мың тонна — бір жыл бұрынғыдан 15,4% аз. ТМД елдерінің негізгі үштігіне Беларусь пен Украина да кірді. ТМД-ға кірмейтін елдерінен 1 млрд АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,9 мың тонна дәрілік заттар — бір жыл бұрынғыдан 2,3 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.
Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімдердің бағасы былтырғымен салыстырғанда 13,2% өсті. Бағалар ең көп Алматы (бір жылда 18% қымбаттады), сондай-ақ Маңғыстау (17,3%) және Жамбыл (15,4%) облыстарында қымбаттады. Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында тіркелді: 8,8%.
ҚР СЖРА ҰСБ мониторингіне жататын фармацевтикалық өнім түрлерінің ішінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалды, мысалы, йод ерітіндісі (бір жылда 38,7%), ацикловир (37%), белсендірілген көмір (шамамен 36,4%), «Хилак форте» (31,8%), ацетилсалицил қышқылы (29,1%). «Фенистил Нью» тамшылары, «Энап» және парацетамол арзандады.
-->Биыл қаңтар–қазан айларында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің өндірісі небәрі 130,2 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 26,2% аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.