Экономика

Елімізде бөлшек салығы 3-тен 6%-ға көтерілмек

Бөлшек салығы 3-тен 6%-ға көтерілмек. Бұл туралы елордада өткен рестораторлар мен отельерлердің II халықаралық форумында айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл форум алаңына 500 қатысушы жиналды. Рестораторлар қызметкерлерге салынатын бөлшек салықтың мәселесін көтерді.

Қазіргі кезде мейрамхана бизнесіндегі маңызды мәселелерге қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрайымы Гүлбану Майғарина тоқталды. Оның айтуынша, басты мәселе – келесі жылдан бастап бөлшек салықтың енгізілуі.

-->

Келер жылдан бастап бөлшек салығы 3-тен 6%-ға көтерілмек.  Біз оны 3 пайыз деңгейінде қалдырғымыз келеді. Сондай-ақ, әр қызметкердің қызметін заңдастырғымыз келеді. Сондықтан ең төменгі еңбекақы бойынша жеңілдетілген салық керек. Салық көтерілсе, қиындықтарға тап боламыз. Өйткені бізде халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан жұмысшылардың саны басым. Қазір бізге одан әрі даму өте маңызды, - деді  Гүлбану Майғарина.