Алдағы 3 жылда мұнай бағасы түсуі мүмкін
Ұлттық банк 2025 жылға қарай мұнай бағасы қазіргіден төмен болатынын болжап отыр, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру себептеріне арналған брифингте осындай болжам айтты.
-->Ұлттық банк 2025 жылға қарай мұнай бағасы қазіргіден төмен болатынын болжап отыр, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру себептеріне арналған брифингте осындай болжам айтты.
Әлемдік мұнай нарығында жақын арада Қытайдағы сұраныс перспективаларының жақсаруы, АҚШ-тағы мұнай өндірудің деңгейі және ОПЕК саясаты нарыққа қолдау көрсетеді. Осы жайттарды және халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескерсек, мұнайдың бағасы 2023 жылы – 90 доллар болмақ. Кейіннен 2024 жылы бір баррель мұнай 85 долларға және 2025 жылы 79 долларға дейін төмендейді, - деді Ұлттық банк басшысы.