Экономика

Астана – аймақ дамуының драйвері

Елорда бюджеті республикалық бюджеттің доноры, деп хабарлады Elorda.info        

Күні кеше Парламентте «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы талқыланғаны белгілі. Осы заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров:

Расында Астана бүгінде біртіндеп аймақ дамуының драйверіне айналып келеді. Оған жыл санап қарқын алып келе жатқан төмендегі көрсеткіштер айқын дәлел.

Елордада жыл сайын 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Астана еліміздің экономикалық әлеуетінде ерекше рөл ойнайды. Мұнда республиканың жалпы ішкі өнімінің 11%-дан астамы шығарылады, еліміздің негізгі капиталына салынатын инвестициялардың 10%-ы қалыптастырылады.

Соңғы жылдары қаланың жалпы өңірлік өнімі 272 еседен астам өсіп, 25,7 миллион теңгеден 7 триллион теңгеге жетті. 1997 жылдан бері өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 50 есеге, яғни 15,2-ден 755 миллиард теңгеге дейін өсті.

Нақты секторда және әлеуметтік нысандарда жаңа өндірістердің іске қосылуы жыл сайын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Соның шамамен 70%-ы шағын және орта бизнесте.

Шағын және орта бизнес экономикалық дамудың күшті драйверіне айналды. Мұнда ЖҰӨ-нің 57 пайыздан астамы қалыптасады. Қаланың шағын және орта бизнес субъектілері еліміздегі осы саладағы барлық жұмыстар мен қызметтердің 20 пайызын өндіреді.

Бүгінде елордада 140 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Елорданың әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнес саласында қызмет етіп жүр. Бұрын Астана мемлекеттік қызметкерлер қаласы болса, қазір кәсіпкерлер қаласына айналды.

Қала демографиясы қарқынды өсуде

Бүгінде басты жаһандық сын-тегеуріндердің бірі — қарқынды кенттену үдерісі. Қазіргі таңда қалалар жаһандық және жергілікті құрылымдық өзгерістердің басты платформасына айналуда. БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай адамзаттың 70% астамы қалаларда өмір сүретін болады, қазір бұл көрсеткіш 54%-ға жеткен.

Мемлекет басшысы Астананы креативті адамдар, таланттар, жастар, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторлар тартылатын негізгі орталық болатын жаһандық қалаға айналдыру туралы міндет қойды. Әрине, ол үшін қала құрылысына қатысты көп орталықтылыққа бағытталған заманауи урбанистикалық шешімдерді, жаңа тәсілдерді пайдалануды қажет етеді.

Елорда халқының саны 1997 жылғы 300,5 мың адамнан 2020 жылы 1149,9 мың адамға дейін 3,8 есеге өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 263,1 мың адамға, көші-қонның өсуі – 586 ,3 мың адамға. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қала халқы 1 340 782 адамды құрады. Шаһар тұрғындарының саны 2030 жылы 2 миллион адамға, 2050 жылы 3 миллион адамға жетеді деп болжануда.

Индустриалдық-инновациялық даму – басым бағыттардың бірі

Қалада шетелдік компаниялардың қатысуымен «Тұлпар» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Тау-Кен Алтын» ЖШС мұнай өңдеу зауыты, «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС (электронды-оптикалық құрылғылар, әскери және азаматтық техника) ЖШС «Kazakhstan Paramount Engineering», «Digital System Servis» ЖШС модемдері мен коммутаторлары, «GLB» ЖШС үй құрылысы комбинаты және т.б. елімізде теңдесі жоқ жаңа жоғары технологиялық өндірістер құрылды.

Биылғы жылдың 6 шілдесінде Orbis Heavy Machinery мамандандырылған жабдықтарын шығаратын мультибрендті зауыттың ресми ашылуы өтті. Әзірге аталған өндіріс орны дизельді қозғалтқышының көлемі 2,5 литр және жүк көтергіштігі 1000 кг болатын KIA Bongo шағын тоннажды жүк үлгісін шығарады.

Сондай-ақ биыл 22 тамызда «Астана – Жаңа қала» АЭА индустриалды паркінің аумағында қуаттылығы жылына 5000 тонна коррозияға қарсы және өртке қарсы жабындар шығаратын «ВМП Астана» лак-бояу зауыты ашылды. Бұдан өзге, Елордада биыл «SG BRICK» жаңа кірпіш зауыты іске қосылды.

Астана әлі күнге дейін құрылыс секторында көш бастап тұр

1998 жылдан 2020 жылдың мамырына дейінгі кезеңде жеке және мемлекеттік көздер есебінен жалпы ауданы 24 930 мың шаршы метр 1 290 тұрғын үй нысаны, жалпы ауданы 10 802 931 мың шаршы метр 1 589 әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді.

Тұрғын үй қоры 5 есеге өсті. Қаланың ауданы 500 шаршы шақырымға ұлғайды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бес жыл мерзімге беріледі. Осы кезең ішінде жастардың өз баспанасының бастапқы жарнасын жинау мүмкіндігі тумақ. Ал кейіннен босаған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі.

Жалпы алғанда, 2019 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынды.

Сонымен қатар бүгінде Астанада «Елорда жастары» бағдарламасы жүзеге асуда.

Мемлекет тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударады. Жыл сайын қолжетімді жеңілдікпен тұрғын үй салынады. Мысалы 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы осындай 2900 пәтер салынса, соңғы екі жылда 17 мыңға жуық әлеуметтік пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейді, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 миллионнан 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Жыл басынан бері Астанада барлығы 19 335 осындай несие берілді. Күн сайын елорданың 80-ге жуық тұрғыны өз пәтерін немесе үйін Отбасы банкі арқылы сатып алу үшін несие алады. Тек «Шаңырақ» бағдарламасы аясында екі жыл ішінде Отбасы банкі арқылы Астанада 4 363 адам қоныс тойын атап өтті.

Қала инфрақұрылымы астаналықтар игілігі үшін

Елорданы көшіргеннен бері 21 жаяу және автомобиль көпірі салынды.

Елорданың көлік жүйесі 1,1 мыңнан астам көшеден тұрады.

Елорданы ауыстырғаннан бері жолдардың жалпы ұзындығы 494 шақырымнан 852,8 шақырымға дейін ұлғайды. 21 жаяу және автомобиль көпірі, 9 жол өтпесі, 9 жерасты және 4 биіктіктегі жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі жалпы ұзындығы 852,8 шақырымды құрайтын 1110 көшеден тұрады, оның ішінде асфальт-бетонды жолдардың 83,5 пайызы және асфальтталған жолдардың 16,5 пайызы.

Қандастар қала дамуына үлес қоспақ

Биылғы 1 қарашаға дейін елімізде 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олардың 9%-ы Астана қаласына қоныстанды. Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 59,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,1%-ды және зейнеткерлер 13,4%-ды құрайды.

-->

Астана қаласы Ақмола облысында инженерлік, инфрақұрылым мәселелерін шешуге, әлеуметтік обьектілер құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Себебі елорданың бюджеті Ақмола облысының бюджетінен артық. Астана қаласының бюджеті республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Сол себептен бұл жаңа қосымша мәселелерді шешетін тетік деп сенеміз, – деді.