Қазақстан мен Сингапур тауар айналымы 1,5 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Сингапур тауар айналымы 1,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы елшіміз Асқар Құттықадамның Сингапур Президенті Халима Якобпен кездесуінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, ел басшысына Қазақстанның дипломатиялық миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы сенім грамотасын табыс етті. Президенттің ресми резиденциясында өткен салтанатты рәсімнен кейін Асқар Құттықадам Сингапур басшысымен кездесуге қатысты. Елші еліміздегі демократиялық реформалар туралы баяндады.
Өз кезегінде Халима Якоб Қасым-Жомарт Тоқаевты Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады. Биыл бұл мемлекеттен Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 651 млн АҚШ долларына жетті. Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 120-ға жуық компания тіркелген. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көлік логистикасы, іскерлік туризм, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялары болып табылады.
-->Қазақстан мен Сингапур тауар айналымы 1,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы елшіміз Асқар Құттықадамның Сингапур Президенті Халима Якобпен кездесуінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, ел басшысына Қазақстанның дипломатиялық миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы сенім грамотасын табыс етті. Президенттің ресми резиденциясында өткен салтанатты рәсімнен кейін Асқар Құттықадам Сингапур басшысымен кездесуге қатысты. Елші еліміздегі демократиялық реформалар туралы баяндады.
Өз кезегінде Халима Якоб Қасым-Жомарт Тоқаевты Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады. Биыл бұл мемлекеттен Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 651 млн АҚШ долларына жетті. Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 120-ға жуық компания тіркелген. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көлік логистикасы, іскерлік туризм, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялары болып табылады.
Президент ханымға Қазақстандағы соңғы оқиғалар, соның ішінде маусымдағы конституциялық референдум және қарашадағы Президенттік сайлау туралы баяндадым. Бұл тарихи белестер саяси үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етеді, - деді ҚР-дың Сингапур Республикасындағы елшісі Асқар Құттықадам.