Қазақстан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендетуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Еңбек министрлігінің басшысы жеткіліктіліктің ең төменгі шектерінің артуы ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілуімен байланысты екенін еске салды.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазір бұл мәселе бойынша Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл мәселені сол жұмыс тобында қарастыратын шығармыз, - деді Тамара Дүйсенова.
Еңбек министрлігінің басшысы жеткіліктіліктің ең төменгі шектерінің артуы ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілуімен байланысты екенін еске салды.