Соңғы 9 айда қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн-нан астам өтініш берген
2022 жылдың 9 айына қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн 221,2 мың өтініш берген. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7% төмен, деп хабарлады Elorda.info.
Inbusiness.kz жазуынша, мақұлданған өтінімдер саны әлдеқайда азайды - 22,9%. Егер өткен жылдың 9 айында 168,9 мың өтініш қабылданса, биыл 130,3 мың несие мақұлданған.
Осылайша, берілген несиелердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін төмендеді.
Ұлттық Банк мұны «автонесие шарттарын қатаңдатуға байланысты» деп түсіндіреді: пайыздық мөлшерлеме өсті, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар да артты.
Бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін көтеру және банк өнімдерінің скорингтік үлгілерін қайта қарау әсер етті.
-->2022 жылдың 9 айына қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн 221,2 мың өтініш берген. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7% төмен, деп хабарлады Elorda.info.