Қуантыров: Астана бюджеті – республикалық бюджеттің доноры
Бүгін Парламентте «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Ал Мәжілістің кулуарында осы заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа «Бұл заң жобасы шағын ауылдар мәселесін толықтай шешпеуі мүмкін. Бірақ белгілі бір дәрежеде көмектесуі мүмкін. Ал толықтай шешілуі үшін не кедергі?» деген сауал қойылды.
-->Бүгін Парламентте «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Ал Мәжілістің кулуарында осы заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа «Бұл заң жобасы шағын ауылдар мәселесін толықтай шешпеуі мүмкін. Бірақ белгілі бір дәрежеде көмектесуі мүмкін. Ал толықтай шешілуі үшін не кедергі?» деген сауал қойылды.
Толықтай шешу үшін әуелі әр өңірдің бюджеттік мүмкіндіктеріне қарау қажет. Әлбетте, тиісті қажеттілігі бар. Сол себептен қазір деңгейлес трансферттерді жіберуге болады. Бастысы, олар бір деңгейлес бюджеттер болуы қажет. Мәселен, Астана қаласы Ақмола облысына агломерация мәселерін шешу үшін инженерлік, инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін, әлеуметтік обьектілерді салу үшін қаржыландыруға мүмкіндік береді. Себебі елорданың бюджеті Ақмола облысының бюджетінен артық. Астана қаласының бюджеті республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Сол себептен бұл жаңа қосымша мәселелерді шешетін тетік деп сенеміз, – деді министр.