Экономика

Қазақстанда күріш алаңы 8,7 мың гектарға қысқарды – министр

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 1,4 млн гектар суармалы жерлер алаңында өсірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

-->

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 1,4 млн гектар суармалы жерлер алаңында өсірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Елімізде өз кезегінде суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту жалғасуда. Биыл басқа рентабельді дақылдарға көшу есебінен күріш алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 8,7 мың гектарға азайды, оның ішінде Қызылорда облысында 5,3 мың гектар алаң, Түркістан облысында – 2,9 мың гектар және Алматы облысында 0,6 мың гектарға қысқарды, - деді министр.