Қазақстанның Ұлыбританиямен сауда көлемі 63 пайызға артты
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі 63,3%-ға артты (бұл шамамен 2,6 млрд долларды құрайды), деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы тауарлар мен қызметтер саудасының жалпы көлемі 2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы маусымға дейін 2,3 млрд фунт стерлингті құрады. Бұл 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы маусымға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 63,3%-ға немесе 896 млн фунт стерлингке көп, - деп хабарлады британдық халықаралық сауда министрлігі.
Екіжақты сауданың негізгі өсімі Қазақстаннан Ұлыбританияға шығарылған экспортқа тиесілі. Бір жыл ішінде біздің елден британдық юрисдикцияларға 1,5 миллиард фунт стерлинг сомасына тауарлар жөнелтіліп, қызметтер көрсетілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 135,9%-ға артық. Осы уақыт ішінде Ұлыбританиядан Қазақстанға әкелінген импорт көлемі 781 млн фунт стерлингті құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштерден 1,8%-ға ғана көп.
Биыл Қазақстан Ұлыбританияның сауда серіктестерінің саны бойынша 62-ші орында. Ұлыбританиядан Қазақстанға негізінен ұшақтар, өнеркәсіп жабдықтары, ғылыми аспаптар, дәрілік және фармацевтикалық препараттар жеткізіледі. Британдықтар қазақстандық серіктестерінен бағалы және түсті металдарды, шикі мұнайды, химикаттар мен өнеркәсіптік жабдықтарды сатып алады.
-->Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі 63,3%-ға артты (бұл шамамен 2,6 млрд долларды құрайды), деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.